Қызылордада қолдан жасалған құрттан есірткі табылды

Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемедегі қолдан жасалған құрт ішінен есірткі табылды.

Бұл оқиға Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан В. есімді азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі тектес зат анықталды.

Алты дана құрттың ішінен дәкеге оралып салынған өзіне тән хош иісі бар шөп тәркіленді.

«Мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстарының нәтижесінде ол салмағы 3,2 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

Back to top button