«Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? – дінтанушы жауабы

«Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? – дінтанушы жауабы

«Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? – дінтанушы жауабы
ашық дереккөзі
Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Faceboоk  әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатқан сауалға жауап берді. Желіде мынадай («Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? –ред.) діни сұрақ қойылып, астында пікірталас орын алған екен. Маман ретінде жауап беруді жөн көрдім. Дінімізде иман мен амал екі бөлек қарастырылады. Құлшылық әр мұсылманға парыз. Бірақ құлшылығы кем адам орындамаған парызы үшін сұралса да, мұсылмандықтан, діннен шықпайды. Ешкімнің оған “кәпірсің, мұнафиқсың”,- деп айтуға қақысы жоқ. “Намаз оқымаған адамның оразасы қабыл болмайды”-, деп айту да қате, тіпті үлкен күнә. Алланың атынан дәлелсіз сөйлеуге болмайды. Құлшылықты қабыл алып-алмау ісі Жаратқанның құзіретіндегі дүние. Оған біздің араласуға қақымыз жоқ. Екіншіден, талай адам алғашқыда намаз оқымаса да, оразасын ұстап, неше жылдан кейін болса да мұсылмандықтың қалған парыздарын түгендеп жатады. Шама-шарқына қарай Құдайға жақындайын деп тұрған адамды шошытып, діннен бездіруге ешкімнің қақысы жоқ. “Мұсылман болу әсте-әсте, кәпір болу бір пәсте” деген қазақ мақалы жоғарыдағы сауалдың пәтуасы болмақ. Оразаларыңыз қабыл болсын!