Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Құрлықтық бәсекеде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесті. Екеуара кездесу 6:2 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді. Осы салмақта үндістандық Каран Каран мен қырғызстандық Исламбек Оразбеков қола жүлдеге иелік етті.

Back to top button