WhatsApp мессенджері қолданушыларға қиындық тудыра бастайды…

Әлеуметтік желілердегі шексіз еркіндікке тұсау салына бастайтын секілді.

Мәселен, танымал WhatsApp мессенджері енді өз қолданушыларына жаңа ереже ұсына бастайтын болды. Яғни, 2021 жылдың 15 мамырынан бастап WhatsApp оны пайдаланатындарға жаңа ережеге келісетін не келіспейтін сұрайды. Келіскендер бұрынғысынша WhatsApp-ты қолдана береді де, келіспегендерге шектеу жасалады. Мысалы, шартты қаламайтындардың есептік жазбалары жойылмайды, бірақ WhatsApp-тан өзіне келген хабарламаларды оқи алмайды не хабарлама жібере алмайды. Қашан келіскенше хабарлама мен қоңырауды қабылдауға ғана мүмкіндік бар. Сондай-ақ, WhatsApp пайдаланушылар 15 мамырға дейін уаттарды Android және iPhone-ға көшіріп ала алады және бұдан кейін қолданушылардың деректері Facebook-тің бас компаниясына жіберіліп отырады.

Back to top button