Президент Жарлығымен Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. Білімі жоғары, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Сыныптық шені – 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. «Құрмет» (2008) жәнеІІ дәрежелі«Даңқ» (2014) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ, Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен «Ресей флотына 300 жыл» естелік медалі және «Адмирал Кузнецов» медальдарымен марапатталған. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр. Мансабы: 1993-1996 жылдары – Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы. 1996-1997 жылдары – Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы. 1997-1998 жылдары – Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы. 1998-2001 жылдары – Тергеу департаменті директорының орынбасарыжәнеӘділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары. 2001 жылы – Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы. 2003-2006 жылдары – Павлодар облысының прокуроры. 2006-2009жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры. 2009-2012 жылдары – ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы. 2012 жылы – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары. 2014-2016 жылдары – Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы. 2016 жылдың 2 маусымынан бастап – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
Жүктелуде...