Мәдина Сәдуақасова жазушы Қабдеш Жұмаділов жайлы: «Келін деп емес, қызындай жақсы көріп еді»...

Мәдина Сәдуақасова жазушы Қабдеш Жұмаділов жайлы: «Келін деп емес, қызындай жақсы көріп еді»...

Мәдина Сәдуақасова жазушы Қабдеш Жұмаділов жайлы:  «Келін деп емес, қызындай жақсы көріп еді»...
ашық дереккөзі
Әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында қайын атасы, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовті еске ала отырып, әсерлі жазба жариялады. «Қазақтың дарабоз қаламгері, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов 5-сәуір күні , өзінің 85 жылдық мерейтойына 20-ақ күн қалғанда дүниеден озды. Атамызды бүкіл алаш жоқтады. Мен келін боп түскен әулет үшін бұл қайғы екі есе ауыр соқты. Өмірінің соңына дейін бұл кісі шығармашылық жолын, жазуын тоқтатпады. Үнемі қозғалыста, шығармашылық ізденісте болды. Қазақ әдебиетіне, қазақ руханиятына қызмет етіп қана қоймай, ағайын-туыс, жақындарына да көңіл бөлді, әулеттегі әр туысқанның хал-жағдайын біліп, жай-күйін сұрастырып, қайғы-қуанышына ортақтасып, ақыл-кеңесін, батасын беріп жүрген қамқор аға, жанашыр жан бола білді. Мен келін боп түскен күнімнен бастап-ақ мені келіні деп емес, қызындай жақсы көрді» деп жазды әнші. Сондай-ақ, Мәдина Сәдуақасова жолдасы Олжастың есімін Олжас Сүлейменовтің, ал ұлы Әнуардың есімін Әнуар Әлімжановтың құрметіне Қабдеш Жұмаділовтің өзі қойғаны туралы айтты. «1986 жылы туған жолдасым Олжастың есімін атамыз Олжас Сүлейменовтің құрметіне қойса , ұлымыз туылғанда да “Әнуарлардың бәрі мықты! Қазақтың біртуар ұлы Әнуар Әлімжановтың құрметіне Әнуар болсын!” деді. Әнуарды ерекше жақсы көрді. Алланың жазуы шығар, соңғы түскен хабарында Әнуар гүл алып барып берді, атасына. Мен ән айттым. Сол күннен соң көп ұзамай кете барды. Өзі аманат етіп кеткен Семей топырағына жерленді. Дәл бүгін жеті күндігі. Біздің әулетіміз үшін де, бар қазақ үшін орны толмас өкініш. Біз жақсы көретін ардақты ата, дара тұлға, қазақтың қабырғалы қаламгері жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, үлкен Ата", - деп жазды Мәдина Сәдуақасова Айта кетейік, қазақтың қабырғалы қаламгері Қабдеш Жұмаділов 2021 жылғы 5 сәуірде 85 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)