Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың коронавирус жұқтырғандардың саны күннен-күнге көбеймесе, азаймай отырғанын айтты. Қазақстан 12 күннен бері «қызыл» аймақта, оның ішінде 8 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, БҚО, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында эпидемиологиялық ахуал нашар. Аталған 8 өңір бүгін де «қызыл» аймақта. Сонымен қатар 8 өңір: Шымкент қаласы, СҚО, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстары «сары» аймақта тұр. «Жасыл» аймақта тек Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
Жүктелуде...