Қазақстандықтарға салынып жатқан вакциналар мутацияланған вирусқа төтеп бере ала ма – маман жауабы

Қазақстандықтарға салынып жатқан вакциналар мутацияланған вирусқа төтеп бере ала ма – маман жауабы

Қазақстандықтарға салынып жатқан вакциналар мутацияланған вирусқа төтеп бере ала ма – маман жауабы
ашық дереккөзі
Ел тұрғындарына салынып жатқан «Спутник V» вакцинасы коронавирустың мутацияланған штамдарына қарсы тұра ала ма? Бұл сауалға онлайн брифинг барысында С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Күләш Құрманова жауап берді. «Спутник V» және қазақстандық «QazCovid-in» вакцинасы - векторлық болып табылады және адам аденовирусының рекомбинантты бөлшектері, оларда коронавирус қабықшасының S протеині - антиденелер бөлінетін ақуыз бар. Бұл вакциналар кез келген мутацияланған коронавирус штаммдарына қарсы тиімді болады»,-дейді спикер. Маман вакцина салдырған соң қалыптасатын иммунитет қанша уақытқа дейін жететінін айтты. «Вакцина алған соң қалыптасатын иммунитет кем дегенде бір жылға шыдайды, ал кейбірінде оданда көп уақытқа барады. Бұл адам ағзасына байланысты. Ал, виурс жұқтырып, табиғи жолмен қалыптасқан иммунитетке келсек, ол да ауру түріне қарай болады. Мәселен, кейбірінде сырқат жеңіл өтуі мүмкін, олардың иммунитеті көп сақталмайды, тіптен болмауы да мүмкін. Сондай-ақ сырқат ауыр жүрген кезде науқастың иммундық жүйесін әлсіретіп жібереді, оларда да вирусқа қарсы иммунитет қалыптаспай қалады. Сондықтан вакцина алған дұрыс»,-дейді Күләш Құрманова. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырғанын хабарлағанбыз. «Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.