104 жастағы кейуана коронавирусты екінші мәрте жеңді (видео)

104 жастағы кейуана коронавирусты екінші мәрте жеңді (видео)

104 жастағы кейуана коронавирусты екінші мәрте жеңді (видео)
ашық дереккөзі
Колумбияның Тунха қаласында тұратын 104 жастағы Кармен Эрнандес коронавирусты екінші рет жеңді. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап centralasian.media хабарлады.  Алғашында кейуана коронавирустан 2020 жылдың шілде айында айыққан. Ол уақытта зейнеткер 25 жылдан бері бірге өмір сүретін Сан-Хосе-де-Тунха қарттар үйінің басқа тұрғындарымен бірге оқшауланған екен. Ал биыл 27 ақпанда әжей коронавирусқа қарсы вакцина салдырған, дегенмен 8 наурыз күні ПТР тест оң нәтиже көрсеткен. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай аз уақытта иммунитет қалыптастып үлгермеген. Кармен Эрнандес 19 наурыз күні ауруханаға жатқызылған. Оған өкпені жасанды желдету аппараты керек болмаған. Себебі кейуана өздігінше дем ала алған. 5 сәуір күні ол  індеттен айығып, ауруханадан шықты. Әжей қарттар үйіне қайта оралды. Ол — Колумбияда коронавирустан емделіп шыққан ең қарт адам. https://www.youtube.com/watch?v=H9GMm4of5Fw