Байден АҚШ-тың әскери бюджетін қысқартпақ

Байден АҚШ-тың әскери бюджетін қысқартпақ

Байден АҚШ-тың әскери бюджетін қысқартпақ
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Джо Байден елдің әскери бюджетін қысқартпақ. Бұл салаға бағытталатын қаржы көлемі елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың  бөлгісі келген сомадан 7 млрд долларға азайтылады, деп хабарлайды Bloomberg Агенттік дереккөздерінің хабарлауынша, жаңа қаржы жылында Байден Трамп әкімшілігі жұмсағысы келген 722 миллиард доллардың орнына Пентагонға 715 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр. Алайда, инфляцияға байланысты сомалар арасындағы нақты айырмашылық тек 0,4 пайызды құрайды. Әскери бюджеттің бір бөлігі Пентагон ішіндегі экологиялық бастамаларға жұмсалады деп болжануда. Сонымен бірге, 2022 жылға арналған бюджетте 10 жыл ішінде алғаш рет әскери және әскери емес шығындарға нақты бөлу қарастырылмаған, сондықтан АҚШ Конгресі қорғаныс қаржысының бір бөлігін басқа қажеттіліктерге бағыттай алады.