Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды

Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды

Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды
ашық дереккөзі
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Әсен Жақсылықов Зеренді ауданының әкімі болып тағайындалды. Әсен Жақсылықов 1980 жылдың 3 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысы Чистопольский ауданы Баррикады аулында туған. Білім жоғары, «Фемида» Қарағанды заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1998-2000 жылдары «Гормолзавод» ЖШС слесарь – наладчик болып бастады. 2000 жылы зауыт механигі, 2001-2003 жылдары «Гормолзавод» ЖШС бас инженері болып жұмыс істеді. 2004-2005 жылдары «Гормолзавод» ЖШС филиалының директоры, кейін 2005 жылдан бастап «Гормолзавод» ЖШС директоры болды. Ақмола облысы кәсіпкерлер қауымдастығы басқармасының мүшесі, 5-ші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихат депутаты.