Министр оқушылар қашан мектепке оралатынын айтты

Министр оқушылар қашан мектепке оралатынын айтты

Министр оқушылар қашан мектепке оралатынын айтты
ашық дереккөзі
Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың қашан мектепке оралатынын айтты. «Пандемияға байланысты жағдай тұрақталып, өңірлер «сары» және «жасыл» аймаққа кіргенде оқушылар мектепке оралады. Әдетте өңірлер «жасыл» аймақта болғанда, барлық бала мектепке барып оқуға құқылы. Бұл вакцинация науқанына, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулерді сақтауға байланысты», – деді министр. Сонымен қатар Аймағамбетов егер қазақстандықтар елдегі санитарлық дәрігерлердің талаптары мен ұсыныстарын бұлжытпай орындайтын болса, елде «жағдай тұрақталып, балалар мектепке тезірек орала алатынын» айтты.