Түркістанда дәрігерлер мерзімінен бұрын туған үшемнің өмірін арашалап қалды

Түркістанда дәрігерлер мерзімінен бұрын туған үшемнің өмірін арашалап қалды

Түркістанда дәрігерлер мерзімінен бұрын туған үшемнің өмірін арашалап қалды
ашық дереккөзі
Түркістандағы №3 облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері небәрі 1,5 кг салмақпен туған нәрестелерді 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып, бүгін перзентханадан шығарып салды. Дәрігерлердің айтуынша, жүктіліктің 32-ші аптасында әйелге жедел ота жасауға тура келген. Алғаш рет ана атанған Динара Мухитованың жақындары бүлдіршіндірге Хадиша, Фатима, Захра есімдерін берген. Дәрігерлер аман алып қалған үш қыз мерзімінен бұрын дүниеге келіп, бір апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Өкпесі дұрыс дамымай туған нәрестелердің үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. №3 облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде бір келіден салмақ қосқан. Жас отбасы Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылының тұрғындары. «10 наурыз күні үшем дүниеге келді. Енді дүниеге келгенде нәрестелердің өкпесі дұрыс дамымай ИВЛ-апаратында жатты. Кейін 10 күннен соң жан сақтау бөлімінен ауыстырылды. Алғашқыда салмақтары – 1 кг 480 г, 1кг 180г және 1 кг 460 болды. Бүгінде сәбилердің денсаулығы жақсы», – дейді  №3 Облыстық перинаталдық орталығының сарапшы дәрігері Гүлайша Ерназарова. Айта кетсек, былтыр облыстық перинаталдық орталығында 9793 сәби дүниеге келген. Жыл басынан бері 2652 нәресте туылған.