Әнші Алмас Кішкенбаевтың ажырасқанын естіген анасы инсульт алған

Әнші Алмас Кішкенбаевтың ажырасқанын естіген анасы инсульт алған

Әнші Алмас Кішкенбаевтың ажырасқанын естіген анасы инсульт алған
ашық дереккөзі
Әнші Алмас Кішкенбаев шығармашылығы, соңғы кезде сахнадан неге көрінбей кеткені жайында «Еуразия» арнасындағы «Ең алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді. Superstarkz жеңімпазы танымал байқаудан кейін продюсер Ләйля Сұлтанқызымен жұмыс істеп, ән жазып, бейнебаяндар түсіріп, бір демде бүкіл ел танитын жарық жұлдызға айналды. Алайда жеке өміріндегі сәтсіздіктер оның шығармашылығына да салқынын тигізді. Шаңырағының шайқалуы, артық салмақ, алып-қашпа әңгімелер Алмас Кішкенбаевты терең күйзеліске ұшыратты. Алмастың ажырасуы әншінің анасына да ауыр соққан. Жайсыз хабарды естіген анасы тіпті инсульт алған. «Алмасты анасы жеткізді, осында (ред. еск. – Қызылорда) үйлену тойын жасады. Алмастың ажырасқанын естігенде екінші рет инсульт алды, сөйлемей қалды. Қатты жылады. «Мөлдірдің берген уәдесі қайда?» деді. Кезінде махаббат сезімі болған шығар. Алмас қатты қиналғанда неге оған демеу бермеді? Оны жақсы көргені қайда? Неге ол екі қызды екі көзін жылтыратып, жетім қылып қояды?» – деп көзіне жас алды Алмастың анасының көршісі Роза Құрбанқызы. Әншінің өзі бұл тақырып жайында ашылып айтудан бас тартты.