Сүйікті фильмін 191 рет көрген жігіт Гиннес рекордтар кітабына енді

Сүйікті фильмін 191 рет көрген жігіт Гиннес рекордтар кітабына енді

Сүйікті фильмін 191 рет көрген жігіт Гиннес рекордтар кітабына енді
ашық дереккөзі
Сүйікті фильмін қайталап көре берген америкалық азамат әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды guinnessworldrecords.com Рамиро Аланис "Кек алушылар: Финал"(Avengers: Endgame) фильмін ерекше ұнатқаны соншалық, оны кинотеатрдан бір емес 191 рет көрген. Флоридалық жігітке бұл рекордты орнату қиынға соқпаған. Өйткені Рамиро өзіне қатты ұнайтын фильмді қайталап көруден ләззат алады екен. Дей тұрғанмен, Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін Рамироға барлық бос уақытын сарп етуге тура келген. Ол тіпті достарымен және туыстарымен араласудан қалыпты. Айтувнша, әдеттегідей жаттығу залына да бара алмаған. Салдарынан артық салмақ қосып алған. Бүгінде Рамиро қолында Гиннестің рекордтар кітабына енгенін растайтын ресми сертификат бар. Ол бұл жетістігін мақтан тұтады.