Алматыда жаппай вакцинациялау 9 сәуірден басталады – Денсаулық сақтау басқармасы

Алматыда жаппай вакцинациялау 9 сәуірден басталады – Денсаулық сақтау басқармасы

Алматыда жаппай вакцинациялау 9 сәуірден басталады – Денсаулық сақтау басқармасы
ашық дереккөзі
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали оңтүстік шаһарда жаппай вакцинациялау 9 сәуірден кейін басталатынын айтты.  «Қазір қаладағы емханалар вакцина салдыруға ниетті барлық келушілерді тіркеуге алып, кезекке қойып жатыр. Вакцина алуға өтініш білдірген алматылықтарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен вакциналар дозасының жаңа партиясы алынғаннан кейін кезекке сәйкес вакциналайды. Бүгінде Алматыға 34 900 доза жеткізілді. Біз әлі де басым топқа вакцина егудеміз: полиция қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, мүгедектермен жұмыс жасайтын әлеуметтік қызметкерлер. Халық көп жиналып, ұзын-сонар кезек пайда болмас үшін емханалардан алдын ала кезекке алуын сұрадым. Жаппай вакцинациялау 9 сәуірден кейін басталады»,  деді спикер. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 5 сәуірі аралығында 44 315 адамға екпе салынды, оның ішінде 6 200 адам вакцинаның екі компонентін де алған. «2-5 сәуір аралығында 28 413 азамат вакцина алды. Өткен тәулікте 4 764 адам екпе салдырды. 6 335 доза вакцина қалды, вакцинациялау барысы жалғасуда. 9 сәуірде вакцинаның бесінші траншы күтілуде, Алматыға тағы 57 445 доза жеткізіледі. Осы жылдың 13 мамырында 57 445 доза жеткізу жоспары бар», – дейді Лаура Мырзағали.