Ақтөбе полицейлері шенеуніктерді... сотқа берді!

Ақтөбе полицейлері шенеуніктерді... сотқа берді!

Ақтөбе полицейлері шенеуніктерді... сотқа берді!
ашық дереккөзі
Иә, қате оқып тұрған жоқсыз! Ақтөбеде жолдың сапасыздығы үшін полиция департаменті шенеуніктердің үстінен  сотқа шағымданды. Ақтөбе облысы полиция департаментінің бөлім бастығы Еркін Өтеген "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік мекемесі" шенеуніктерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік сотқа материал жіберген. Жыл сайын көктем келгенде Ақтөбенің асфальты қармен бірге еріп, бұзылады. Соның себебінен жолдар пайда шұңқырлар көліктердің бұзылуына, түрлі апаттардың тууына себеп болады. Сондықтан биыл осындай кемшіліктің алдын алу үшін полиция алдымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшыларына жолдарды жөндеу қажеттігі туралы ескерту жасады, бірақ жауапкер тараптан ешқандай әрекет болмағасын тәртіп сақшылары материалдарды сотқа жолдады. Бұл жайында түсінік берген Ақтөбе әкімдігінің автомобиль жолдары жолаушылар көлігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Науаи Әмірбеков «Қазір жолдарды ойдағыдай жөндеу мүмкін еместігін, өйткені ауа райы оған мүмкіндік бермейтінін, сондай-ақ, шұңқырлар әлі толық анықталып болмағанын, оны жасайтын мердігерлік компания әлі шыға қоймағанын» айтты. Егер сот шынымен де жолдардың нашарлығына шенеуніктер кінәлі деп шешсе, оларға 1,5 миллион теңге айыппұл салынғалы тұр!