Алматыда 31 сауда үйінде екпе салу жұмысы жүргізілмек

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали қаладағы қандай сауда үйлерінде вакцина салу жұмысы жүргізілетінін айтты.

«Қазір қаладағы жалпы 31 сауда үйінде екпе салу жұмысын жүргізуді қарастырып жатырмыз», – деді ол.

Атап айтқанда:

  • Алатау ауданындағы «Бақ орда» сауда үйі;
  • Әуезов ауданында «Спутник», «Гранд парк», «Мәскеу», «Алматы молл», «Азия парк» сауда үйлері;
  • Бостандық ауданында «Мега Алматы» орталығы, «АДК» сауда үйі, «Есентай молл», «Форум», «Алматы», «Атакент молл» сауда үйлерінде;
  • Жетісу ауданында «Максима», «Адэм», «Мерей» сауда үйлері;
  • Медеу ауданында «Достық плаза», «ГУМ» сауда үйлері;
  • Түрксіб ауданында «Мак» және тағы басқа сауда нүктелері.

«Сәуірде коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу басталды. Алдағы уақытта қалаға үлкен мөлшерде вакцина дозасы жеткізіледі. Қазір соған дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр. Алматы емханалары екпе салу бойынша база жасап жатыр, яғни созылмалы дерт есебінде тұрған адамдардың тізімін және кімнің екпеге қарсы белгілері барын анықтауда», – деп қосты Лаура Мырзағали.

Back to top button