Түркітілдес мемлекеттердің болашағы жөнінде құжат жасау керек – Елбасы

Түркітілдес мемлекеттердің болашағы жөніндегі құжат жасау керек. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде айтты.

«Қазір әлем бойынша үлкен өзгерістер болып жатыр. 2020 жылы басталған пандемия әлемді түбегейлі өзгертті. Қазіргі кезде өте көп қиындықты көріп отырмыз. Бір түркі әкенің балалары сияқты біз ешқашан адамгершіліктен бас тартпағанбыз және өзіміздің тұтастығымызды сақтауға тырысып жатырмыз. Ешқандай кедергіге қарамастан, түркі тілдес мемлекеттер әрі қарай дами береміз. Бірінші айтатын ұсынысым –  әлі де дамуымыз қажет және түркітілдес мемлекеттердің болашағы жөніндегі құжатты жасауымыз керек», – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев түркітілдес мемлекеттер гуманитарлық және мәдени дамумен бірге бір-бірінен көп нәрсе үйренетінін атап өтті.

Back to top button