Атырауда 4-ші қабаттан құлаған бала тірі қалды

Атырауда бес жасар бала 4-ші қабаттан құлап кетіп, аман қалған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Атырауда көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен 10-нан астам бала құлаған.

«Терезенің ашық қалуынан 2-7 жас аралығындағы балалар жиі құлайды. Өйткені, олар терезенің алдында ойнау қауіпті екенін ескермейді. Ал ата-аналар осындай жастағы балаларды қараусыз қалдырады. Мәселен, 27 наурызда бес жасар бала 4-ші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Ата-анасы баланы терезесі ашық тұрған бөлмеде жалғыз қалдырған», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасында емделіп жатыр.

Back to top button