Halyk Arena коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдай бастады

Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Қайтадан іске қосылған Halyk Arena спорт кешеніне орташа жағдайдағы науқастар жеткізіледі.

«Таңертеңгі жағдай бойынша, Halyk Arena спорт кешенінде ашылған провизорлық стационарлық орталықта 18 науқас жатыр. Мұндай шешім мегаполис тұрғындары арасында КВИ инфекциясының таралмауы үшін қабылданды. Спорт кешеніндегі төсек-орын 1000 адамға арналған. Науқастарға медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Медициналық құралдармен толық жабдықталған, талапқа сай», – деп хабарлады басқармадан.

Айта кетейік, Алматыда жаңа штамдар пайда болды. Оның контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штамдардың жұқтыру көрсеткіші 70 пайызға дейін жетеді. Бұл инфекцияның жоғары жұқпалы екенін көрсетеді. Мегаполисте соңғы уақытта тіркелген вирустың таралу жылдамдығына дәл сол себеп болып отыр.

Back to top button