Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны күтемін – Алексей Цой

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны күтемін – Алексей Цой

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны күтемін – Алексей Цой
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның шығуын күтіп, сол екпені салдыратынын айтты. «Кез келген вакцинаны салдыруға дайынмын. Алайда бастапқыдан отандық ғалымдарға қолдау білдіруге шешім қабылдағанмын, қазақстандық вакцинаның шығуын күтетін боламын. Әрине, ертерек екпе салдырып, ағзаны қорғаған дұрыс және қазір айналымдағы екпені салдыруға да болар еді... Дегенмен отандық вакцинаны күту туралы шешімге тоқтадым. Менің әріптестерімнің көбісі қазір енгізілген екпені салдырып жатыр», – деді министр. Осы орайда А. Цой Қазақстанда ресми рұқсат етілген кез келген вакцина тексеріліп, соның тиімдісі екпе ретінде өткізілетінін атап өтті. «Сондықтан екпеге қатысты ол менің жеке шешімім, ол – менің азаматтық ұстанымым», – деді министр.