«Қазақ скрипка музыкасының христоматиясын» құрастырған белгілі скрипкашы қайтыс болды

«Қазақ скрипка музыкасының христоматиясын» құрастырған белгілі скрипкашы қайтыс болды

«Қазақ скрипка музыкасының христоматиясын» құрастырған белгілі скрипкашы қайтыс болды
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандық белгілі скрипкашы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Балым Серәліқызы Қожамқұлованың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Бұл туралы министр Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. «Балым əпкеміз қамшының сабындай қысқа ғұмырының 55 жылын шəкірт тəрбиелеуге арнап, мағыналы тірлік кешкен, қазақ өнерінің өрісін кеңейтіп, қанат жаюына өлшеусіз үлес қосқан ұлағатты ұстаз, болмысы бөлек жан еді. Көптеген тəлімгердің шанағынан сиқырлы саз төккен скрипка аспабын еркін меңгеріп, қалыптасуына жағдай жасады. Өз саласын індете зерттеп, «Қазақ скрипка музыкасының христоматиясы» атты жинақ құрастырып, жас өнерпаздарға құнды мұра қалдырды. Елімізге сыйлы да елеулі Қожамқұловтар əулетінің өнерге деген адалдығын жалғап, өз саласында өшпес із қалдырды. Өнегелі өмір иесінің асыл бейнесі туған-туыс пен шəкірттерінің көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, алды пейіш, арты кеніш болсын» деп жазды Ақтоты Райымқұлова.