Өлең көгіне «Қалалық құстар» келді…

Маңғыстаулық ақын, аудармашы Еділбек Дүйсеннің «Қалалық құстар» атты жаңа кітабы жарық көрді. 

2019 жылы Қарағанды қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылардың республикалық форумы өткен болатын. Аталған форумда екі ақынның кітабы шығарылатыны туралы айтылған болатын. Осыған орай, қарағандылық меценат Бекзат Алтынбековтың демеушілігімен жас қаламгер Еділбек Дүйсеннің кітабы 1000 данамен басылып шықты. Қазіргі қазақ поэзиясына өз өрнегімен танылған қаламгердің бұл жинағына жаңа өлеңдер және әлемге әйгілі жазушылардың шығармалары мен сұхбаттарын қазақ тілінде сөйлеткен аудармалары еніп отыр.

 

Back to top button