Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі облысында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. Күн райының бұзылуына байланысты қозғалысқа шектеу келесідей республикалық маңызы бар тасжолдарда енгізілді: Ақтөбе облысында, жүк және қоғамдық көліктер үшін: 1. «Самара-Шымкент» автожолының 776-1153 шақырымында, атап айтқанда, «ЭКО ОЙЛ» ЖҚБ мен (М-32 және А-26) жол айрығы аралығындағы учаскеде. 2.«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 0-234 шақырымында, атап айтқанда, Қарабұтақ ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаскеде. Автокөліктің барлық түрлері үшін 3.«Қандыағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-257 шақырымында, атап айтқанда, Қандыағаш және Шалқар қалаларының аралығындағы учаскеде. 4.«Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» автожолының 100-180 шақырымында, атап айтқанда Қандыағаш қаласы мен Шұбарқұдық ауылының аралығындағы учаскеде (учаске реконструкцияланып жатыр, «Юнисерв» ЖШС). Қостанай облысында, жүк және қоғамдық көліктер үшін : 1. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 234-368 шақырымында, атап айтқанда, Ақтөбе облысының шекарасы мен Денисовка ауылының аралығындағы учаскеде.
Жүктелуде...