Мұхтар Тайжан, қандастардан қандай жамандық көрдің?!

Мұхтар Тайжан, қандастардан қандай жамандық көрдің?!

Мұхтар Тайжан, қандастардан қандай жамандық көрдің?!
ашық дереккөзі
Белгілі сарапшы Алмасбек Садырбаев  саясаткер Мұхтар Тайжанның Жер комиссиясы отырысында шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын беру мәселесін халықаралық талаптарға сай күшейту туралы айтқан ұсынысын айыптады. «Мұхтар Тайжан өзінің фейсбуктегі парақшасында азаматтық алу мәселесін Халықаралық талаптарға сай күшейту туралы бастама көтерді. Және оны Жер комиссиясының отырысында тағы да қайталап айтты. Осыған орай мен бұл мәселе тікелей біздің қандастарымызға соққы болып тиетінін ашық айттым! Біріншіден, Біз стратегиялық тұрғыдан қазақ халқының санын арттыруды ойлауымыз керек. тарыдай шашылған бауырларымызды бауырымызға баспай, осынау ұлан-ғайыр жерге ие болу мәселесі қиындай береді! Екіншіден, шүршіттерден қысым көріп жатқан біздің бауырларымызға енді Қазақстан тарапы да азаматтық беру ісін күшейтетін болса, онда біздің сол шүршіттерден қай жеріміз артық?!», - дейді сарапшы. Алмасбек Садырбаевтың айтуынша, шекара шебінен тыс жерде қалған қандастардың елге келіп, азаматтық алуы процесі жеңілдетуі керек дейді. «Азаматтық алғысы келетіндер өздерінің білімді екенін, Қазақстан тарихын білу керек депсің. Тұнып тұрған популизм! Тәуелсіздігімізге 30 жыл толса да Қазақстан тарихында даулы мәселелер жеткілікті. Қазақстан тарихын әлі күнге дейін өзіміз білмейміз. Шеттен келетін ағайыннан не сұрайсың?! Өзбекстан, Иран, Ауғанстан секілді елдерден келетін бауырларымыздан қандай білім талап етеміз? Бұл ақылға сыймайтын мәселе! Қытай, Мұңғолия жақтан келетін бауырларымыз негізінен мал шаруашылығын кәсіп қылады. Қазақтан қазақтың жерін қызғануға болмайды! Олар экономикамыздың дамуына үлес қосады. Мал бағып, елді асырайды. Мұхтар, сен азаматтық ісін беруде Халықаралық тәжірибені алға тартып отырсың. Бірақ саны аз қазақ халқы үшін халықаралық талапқа әлі ерте! Азаматтық беру талаптарын күшейтетін болсақ, ол басқа емес, өз қазақтарымызға соққы болып тиеді! Бұл өте қауіпті идея! Елдің көз жасына қалма, ескертпеді деме!», - деп ескертті Алмасбек Садырбаев.