Сабина Алтынбекова жанкүйерлерін мазалаған сұраққа жауап берді

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова жанкүйерлерінің спорттық мансабын жалғастыру туралы сұрағына жауап берді деп хабарлайды Sports.kz.

Спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқырмандарының бірқатар сауалдарына жауап қатты. Олардың арасында Сабинаның спорттық мансабы мен алдағы мақсаттары туралы сауалдар бар. Волейболшы италиялық клубпен келісімшарты аяқталғанын, алайда спортты тастамайтынын мәлім етті.

Ол «Волейболдағы мансабыңды жалғастырасың ба» деген сұраққа «Иә» деп жауап берді.

Алтынбекованың соңғы клубы итальяндық «Казерта» болды. Ол 2019 жылдың шілдесінде аталған ұжыммен келісімшартқа отырды, алайда қаржылық мәселелерге байланысты италиялық командадан кетті. Онда волейболшы бірде-бір матч өткізген жоқ.

Back to top button