«Turkistan» телеарнасы халықаралық БАҚ-тармен меморандум жасады

«Turkistan» телеарнасы халықаралық БАҚ-тармен меморандум жасады

«Turkistan» телеарнасы халықаралық БАҚ-тармен меморандум жасады
ашық дереккөзі
Түркістанда түркітілдес мемлекеттердің БАҚ өкілдеріне арналған форум өтті. Келелі кездесуге қазақстандық және Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларының ақпарат саласында абыройлы еңбек етіп жүрген кәсіби бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары бас қосты. Тиісінше бауырлас елдердің ақпарат айдыны мамандары медиа саласы тақырыбында тәжірибе алмасты.
Форум аясында "Alatay media" орталығында «Turkistan» телеарнасы мен түркітілдес БАҚ басшылары арасында әріптестік қатынастарды нығайту мақсатында меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Айта кетейік, бүгіннен бастап «Түркістан» телеарнасы тікелей эфир арқылы алғашқы шығарылымын жасады. «Turkistan Media Holding» ЖШС-нің бас директоры Ерлан Нұров меморандум алдағы уақытта көршілес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен ынтымақтастық байланыстардың нығаюының алғышарты болады деген сенім білдірді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі