Қоқыс тастауға шыққан 12 жасар қыз жертөледен табылды

Қоқыс тастауға шыққан 12 жасар қыз жертөледен табылды

Қоқыс тастауға шыққан 12 жасар қыз жертөледен табылды
ашық дереккөзі
22 наурызда шамамен сағат 16:00-де үйінен қоқыс тастауға шыққан 12 жасар Ксения Зорина сол күні үйіне оралмады. Павлодар қаласындағы «VITA» еріктілері шұғыл түрде қыз баланы іздеуге шыққан. Іздеу шараларына полиция қызметкерлері мен кинологтер жұмылдырылды. Қыз бала дін аман табылды. Айтуынша, көшеде есінен танып, біреудің гаражы әлде жертөлесінде есін жиған. Болған оқиғаның мән-жайымен Павлодардың «VITA» еріктілер тобы Instagram-дағы парақшасында бөлісті. 12 жасар Ксения Зорина сағат 16:00-де үйінен қоқыс тастау үшін далаға шығып кеткен. Оның үйі Короленко көшесінде орналасқан. Қыз содан үйіне оралмады. Оны іздеуге еріктілер, полицейлер мен кинологтер шықты. Бірнеше сағаттан соң қыз бала дін аман табылды, – делінген желідегі хабарландыруда. «Оның айтуынша, ол көшеде есінен танып, біреудің гаражы әлде жертөлесінде есін жиған. Қыз қатты жылаған, қалтыраған, үсті-басы су, қарда жатқан екен. Қасында ешкім болған жоқ. Гараж немесе жертөледен өзі шығып кеткен. Қыз бала қалада жалғыз жүре алмайды. Бірақ таныс жолды көріп, сол жолмен жүре берген. Сол күні кешке оны жедел жәрдем алып кетті. Ата-анасы бізбен әзірге хабарласқан жоқ», – деп баяндады «VITA» еріктілері. Еріктілер қыздың жоғалуының мән-жайы мен оның шынымен қайда болғаны анықталатын айтты.