«Ел тірегі – Елбасы» акциясы өткізілуде

«Ел тірегі – Елбасы» акциясы өткізілуде

«Ел тірегі – Елбасы» акциясы өткізілуде
ашық дереккөзі
«Халық» қоры 2021 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстанда аз қамтылған, көпбалалы, сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасыларды азық-түлікпен қолдау бойынша «Ел тірегі – Елбасы» атты қайырымдылық акциясын өткізуде. Акцияға елімізге танымал меценаттар, атап айтсақ, Қайрат Боранбаев, Данияр Әбілғазин, Диас Сүлейменов, Кеңес Рақышев пен «Сәтті Жұлдыз» Ұлттық лотереясы және «AYALA» қайырымдылық қоры қолдау білдірді. Акция аясында еліміздің ең шалғай аудандарында тұрып жатқан отбасыларға 5 000 азық-түлік жиынтығы жеткізіледі. Азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес аз қамтылған, көпбалалы, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының және онымен байланысты карантиндік шаралардың салдарынан материалдық қиындыққа тап болған отбасыларға бөлінеді. «Халық» қайырымдылық қоры бұл акцияны бірнеше рет өткізуді жоспарлап отыр. Осыған орай, бизнес өкілдерін күш біріктіруге және «Ел тірегі-Елбасы» акциясына қосылуға шақырады.