Twitter тарихындағы ең алғашқы пост 3 млн долларға сатылды

Twitter тарихындағы ең алғашқы пост 3 млн долларға сатылды

Twitter тарихындағы ең алғашқы пост 3 млн долларға сатылды
ашық дереккөзі
Twitter-дің негізін қалаушы және бас директоры Джек Дорсидің желіде жариялаған ең алғашқы жазбасы үш миллион долларға сатылды. Бұл туралы Valuables онлайн-аукционының Twitter-дегі хабарламасында айтылған.  2006 жылғы 21 наурыздағы хабарламада:"Мен жай ғана Twttr-ді баптап жатырмын", - делінген. Виртуалды актив түріндегі лот — алмастырылмайтын токенді (NFT)  Bridge Oracle компаниясының бас директоры Хакан Эстави сатып алды. Ол Дорси қол қойған және куәландырған бірегей сандық сертификатты 2 915 835,47 долларға алды. Эстави Малайзияда тұрады, оның Bridge Oracle компаниясы блокчейн саласында жұмыс істейді. Ол постты қайта сата алады немесе оны "жеке коллекциясында" инвестиция түрінде сақтай алады.