Қазақстандық теннисшілердің Майами турниріндегі қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық теннисшілердің Майами турниріндегі қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық теннисшілердің Майами турниріндегі қарсыластары белгілі болды
ашық дереккөзі
Қазақстандық теннисшілердің 23 наурызда басталатын WTA 1000 Miami Open presented by Itaú турниріндегі қарсыластары анықталды. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жарысты екінші айналымнан бастайды. Е.Рыбакина эстониялық Кайя Канепи немесе америкалық Лорен Дэвистің қай жеңгенімен кездеседі. Ю.Путинцева ұлыбританиялық Хизер Уотсон немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен шеберлік байқасады. Қазақстан құрамасының капитаны Ярослава Шведова алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының біреуімен кортқа шығады. Ал Зарина Диястың қарсыласы – атақты америкалық Винус Уильямс. Ерлер арасындағы осы додада Қазақстаннан Александр Бублик пен Михаил Кукушкин сынға түседі. Қазіргі кезде жарыстың іріктеу сайыстары өтуде. Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко Бьорн Фратанджеломен ойнайды. Іріктеу сайыстарын сәтті өткізсе, Д.Попко да негізгі турнирге қосылады.