Гандболдан Токио Олимпиадасына қатысатын әйелдер құрамасы анықталды

Гандболдан Токио Олимпиадасына қатысатын әйелдер құрамасы анықталды

Гандболдан Токио Олимпиадасына қатысатын әйелдер құрамасы анықталды
ашық дереккөзі
Гандболдан әйелдер құрамасы арасындағы Токио Олимпиадасына іріктеу сатысы аяқталды. Қазақстан құрамасы сынға түсетін екінші топтағы іріктеу ойындары Мажарстанда өтті. Қазақстандық гандболшылардың қарсыластары Мажарстан, Ресей және Сербия құрамалары болды. Отандастарымыз барлық кездесуде қарсыластарына жеңілді. Алдымен Венгриядан 19:46, одан кейін Ресейге 26:33 есебімен жол берді. Үшінші ойында Сербиямен шеберлік байқасып, оларға 30:42 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде екінші топтан Мажарстан және Ресей құрамалары Токио Олимпиадасына жолдама алды. Өзге топтарда Испания, Швеция, Черногория, Норвегия құрамалары осындай мүмкіндікке ие болды. Токио Олимпиадасында гандболдан әйелдер арасында барлығы 12 құрама сынға түседі. Бүгінге дейін аталған турнирге Жапония, Франция, Бразилия, Оңтүстік Корея, Ангола, Нидерланды құрамалары жолдама алған еді. Естеріңізге сала кетелік, құрамамыз 2008 жылы Олимпиада ойындарында бақ сынап, жалпы командалық есепте оныншы орынға табан тіреген болатын. Айта кетейік, Қазақстан Токио Олимпиадасына 100 жолдама иеленуді жоспарлап отыр.