COVID-19: локдаун мерзімі ұзартылуы мүмкін

COVID-19: локдаун мерзімі ұзартылуы мүмкін

COVID-19: локдаун мерзімі ұзартылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Германия канцлері Ангела Меркель елде коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты жағдай біршама күрделене түскенін мәлімдеді. Пандемияның мұндай өршу кезеңінде шектеу шараларын жеңілдетуден сөзсіз бас тартылды. Меркель жеке аймақтардың басшыларымен телефон арқылы өткізілген кеңестің нәтижесі туралы журналистерге хабарлама жасады. Германия канцлері соңғы жеті күн ішінде ел аумағында індетті жұқтырғандардың орташа деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 100 адамнан асса, локдауннан шығу тоқтатылады деген келісімді еске салды. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш аталған шамаға өте жақын орналасқан.