Бір апталық локдаун: Алматыда 200 мыңға жуық нысанның жұмысы тоқтады

Бір апталық локдаун: Алматыда 200 мыңға жуық нысанның жұмысы тоқтады

Бір апталық локдаун: Алматыда 200 мыңға жуық нысанның жұмысы тоқтады
ашық дереккөзі
Коронавирус көрсеткішінің үдеуіне байланысты бір аптаға енгізілген шектеу шаралары негізінен қоғамдық тамақтану нысандарына кері әсерін тигізеді. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, қоғамдық тамақтану нысандарына тек жеткізіп беру қызметіне рұқсат етілген.  width= «Біздің есебімізше, бір апталық локдаун 200 мыңға жуық кәсіпкерлік нысанында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысының азаюына әкеліп соғады. Оның 70 пайызы қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлері. Ал сауда орталықтарындағы тауарларға шектеу шаралары аяқталған соң сұраныс қалыпты болады», – дейді ол. Сонымен қатар, ол бір апталық шектеу кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге көрсетілетін нақты қолдау шаралары жоқ екенін айтты. «Дегенмен әкімдік пен рестораторлар қауымдастығы олардың жағдайын оңалту үшін бірқатар ұсынысты талқылауда. Оның ішінде былтырғыдай мейрамхана, кафе жанына арнайы рұқсат алмай-ақ жаздық ашық қоғамдық тамақтану орнын жасақтауға мүмкіндік беру», – дейді басқарма басшысы.