Алматыда локдаун қашан енгізілетіні белгілі болды

Алматыда локдаун қашан енгізілетіні белгілі болды

Алматыда локдаун қашан енгізілетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қала қайтадан толықтай карантинге жабылуы мүмкін екенін ескертті.  «Бүгінде бізде 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, 7 мың резерв төсек бар, бірақ резервтер де таусылуы мүмкін. Ауруханаға тәулігіне 5000 адам жатқызылса, онда бір инкубациялық кезең ішінде барлық төсек-орындарды толығымен аламыз. Бұған жол беруге болмайды. Егер күніне 300 науқас жатқызылса да, қала локдаунға жабылады. Уақтылы шаралар қабылдамасақ, онда, әрине, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді. Біздің міндетіміз - бұған жол бермеу», - деді бас санитар. Еске сала кетейік, Алматының "қызыл" аймаққа енуіне байланысты қалада Наурыз және басқа да мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ, демалыс күндері сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлар жұмыс істемейді. Өткен тәулікте қалада 342 адамнан індет анықталып, пандемия басталғалы 27коронавирус жұқтырған алматылықтардың жалпы саны 27703-ке жетті.