Ыстанбұлдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

Ыстанбұлдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

Ыстанбұлдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
14 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 32 халықаралық әуе рейсі ұшып келген. Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бір тәулікте елімізге 4 646 жолаушы ұшып келді. Олардың 3 853-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 793-і анықтамасыз келген, барлығы да – ҚР азаматтары. Атап айтқанда:
  • Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 783 жолаушы, анықтамамен - 2 365, анықтамасыз - 418;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 295 жолаушы, анықтамамен - 920; анықтамасыз - 375;
  • Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 274 жолаушы анықтамамен келген;
  • Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 146 жолаушы анықтамамен келген;
  • Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 148 жолаушы анықтамамен келген.
«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижесін күтуде», – делінген ақпаратта. Сондай-ақ 13 наурызда шетелден анықтамасыз келген Қазақстанның 401 азаматының ПТР-талдау нәтижесі дайын болған. Тест қорытындысына сәйкес, «Ыстанбұл-Алматы» рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.