15 наурыз: ел тарихындағы атаулы күндер

15 наурыз: ел тарихындағы атаулы күндер

15 наурыз: ел тарихындағы атаулы күндер
ашық дереккөзі
1991 жылы 15 наурызда Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен Наурыз мейрамы ресми мереке ретінде бекітілді. Сондай-ақ, 1999 жылы 15 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі агенттігі туралы» Жарлығы шықты. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен активтері 3,3 млрд долларға бағаланған ірі акционерлік қоғамдардың бірі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылды. 2010 жылы Қазақстанда «Al Hilal» алғашқы ислам банкі ашылды. «Al Hilal» банкі Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметтері арасындағы келісім нәтижесінде құрылған. Исламдық қаржы жүйесін жүзеге асыру үшін еліміздегі Азаматтық және Салық кодекстеріне, банк қызметтерін қадағалайтын нормативтік-құқықтық актілерге бірқатар өзгерістер мен түзетулер енгізілді. 2014 жылы Мажарстан президенті Янош Адер белгілі қазақ суретшісі, «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының негізін қалаушы және оның басшысы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер академиясының академигі Қырым Алтынбековты мәдени-тарихи мұраны сақтауға сіңірген зор еңбегі үшін «Рыцарлық Крест» орденімен марапаттады. 2016 жылы Бухаресте (Румыния) Еуропа конференциясы аясында Қазақстанның 20 000 теңгелік банкнотасы өңірлік банкноталар халықаралық конкурсында дизайны және қорғалу деңгейі бойынша үздік деп танылды. Жаңа банкнота – Қазақстан теңгелерінің арасында және әлемдегі ең жақсы қорғалған банкнота. 2016 жылы Алматыда Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры жанынан театр музейі ашылды. Онда театрдың негізін қалаушылардың қызметіне байланысты сирек кездесетін мұрағаттық фотоқұжаттар, өткен ғасырдың 40-шы жылдарында Абай атындағы МАОБТ-ында өнер көрсеткен белгілі әртістердің 15 театрлық костюмі ұсынылды. Эскиздер мен афишалар залында келушілер өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап театрдың атақты қойылымдарының 40-тан астам раритетті афишасын, сондай-ақ костюмдер мен декорациялардың эскиздерін көре алады. 2017 жылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің суреті 1909 жылдан бері шығатын танымал Boxing News журналының бірінші бетіне басылды. Журналдың сол нөмірі былғары қолғап шеберінің америкалық Дэниэль Жейкобсқа қарсы Нью-Йорктегі MSG аренасында 18 наурызда өткен кездесуіне арналды. 2018 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. 2018 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан Республикасында Өзбекстан жылының ашылғанын жариялады. 2018 жылы Наурыз мерекесіне орай Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Онда Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан мен Өзбекстан Республикасының Президенттері Орталық Азия халықтарын, сондай-ақ әлемнің барлық халықтарын құттықтай келе бейбітшілік пен береке, молшылық пен қуаныш, прогресс пен гүлдену тіледі.