Алматыда 13,14 наурызда қоғамдық көліктер жүрмейді, яғни автобустар мен метро жұмысы тоқтатылады. «Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуіне байланысты 13,14 наурызда қоғамдық көліктер жүрмейді. Мұндағы мақсатымыз - індеттің алдын алу және таралып кетуін болдырмау. Ал дүйсенбі, 15 наурызда сағат 6:00- ден бастап қоғамдық көліктер өз жұмысына кіріседі»,- деп хабарлады қалалық жұмылдыру басқармасы. Алматы «қызыл» аймаққа енді. Қалада карантиндік шаралар күшейтілді.
Жүктелуде...