Сарапшы несие картасынан қалай пайда табуға болатынын түсіндірді

Сарапшы несие картасынан қалай пайда табуға болатынын түсіндірді

Сарапшы несие картасынан қалай пайда табуға болатынын түсіндірді
ашық дереккөзі
"Синергия" университетінің банк ісі кафедрасының доценті Екатерина Исаева несие картасынан пайда көру жолдарын айтты, деп хабарлайды Прайм Маманның айтуынша, банк ұсынатын кешбэк және балл арқылы кредит картасынан табыс табуға болады. Сонымен қатар, Е.Исаева клиент банктің жеңілдік мерзімінен шығып кетпесе, пайызсыз несие ала алатынын жеткізді. Алайда бұл айтарлықтай қомақты сома емес. "Қарыз алушыда ақша жинамай,  тауарды дәл қазір алу мүмкіндігі бар. Мұндай карта қарыз алушы мен несие беруші банк арасындағы алшақтықты азайтады" - деп түсіндірді Е.Исаева. Десе де, кез келген несие картасында қарапайым несие болатынын ұмытпау қажет. Ол үш негізгі қағида бойынша жұмыс істейді: жеделділік, төлем қабілеттілігі және қайтарылуы. Сарапшы несие тегін берілмейтінін еске салды. Қарыз беруші өз пайдасын бірінші орынға қояды.