Билет құны – 40 мың теңге: Түркістаннан Түркияға әуе рейсі ашылады

Билет құны – 40 мың теңге: Түркістаннан Түркияға әуе рейсі ашылады

Билет құны – 40 мың теңге: Түркістаннан Түркияға әуе рейсі ашылады
ашық дереккөзі
Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған әуежайдан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билеттер сатыла бастады. Жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, «Түркістан – Ыстанбұл – Түркістан» бағытындағы алғашқы рейс 2021 жылғы 21 наурызда ұшпақ. Бастапқыда Түркістан және Ыстанбұл қалалары арасындағы әуе қатынасы аптасына тұрақты түрде жұма, жексенбі күндері 2 реттік жиілікпен қойылып отыр. Кейін аптасына 7 рейске дейін ұлғайып, күн сайын ұшатын болады. Билет бағасы 39 999 теңгеден басталады. Әуе қатынасы кезінде барлық тиісті санитарлық-эпидемиялық талаптар қатаң сақталады. Ұшу кестелері «FlyArystan» әуе компаниясының ресми сайтында жарияланып тұрады.