Алматы облысының дәрігер қыз-келіншектері марапатталды

Алматы облысының дәрігер қыз-келіншектері марапатталды

Алматы облысының дәрігер қыз-келіншектері марапатталды
ашық дереккөзі
527
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған көп салалы ауруханасына барып, облыстағы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген, індетпен күресте алдыңғы шепте болған бірқатар нәзік жандарды 8 Наурыз мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кездесуде облыс басшысы Амандық Баталов Халықаралық әйелдер күнінде медицина мамандарын құттықтауға арнайы келгенін айтты. - Мен жаңа ғана өңірде әр түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген әйел-аналарды қабылдап, кездесу өткіздім. Сол қатарда денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін жеке құттықтап, коронавируспен күрес кезінде жан аямай еңбек еткен өздеріңізге ізгі тілегімді білдіруге арнайы келдім. Сіздер отбасыларыңызды апталап көрмей, күні-түні ауруханада адамдардың өмірі үшін күрестіңіздер. Ерлікке тең еңбектеріңізді ерекше бағалаймыз. Президентіміз денсаулық сақтау саласына бар жағдайды жасауды тапсырды. Біз жеткілікті қаражат бөліп, медицина мекемелеріне 180 жедел жәрдем көлігін, 12 жылжымалы кешен сатып әпердік. Қазір 17 ауруханада кислород стансасы бар. Материалдық-техникалық базаны барынша нығайттық. Дегенмен бізде маман тапшылығы әлі де бар. Жас мамандарды тартып, денсаулық сақтау қызметкерлеріне тұрғын үй, басқа да әлеуметтік қолдау жасап келеміз. Өткен жылдың өзінде 150-дей медицина маманына үй берілді. Бұл жұмыстар бұдан былай да жалғасады. Бәріңізді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман-есен, еңбектеріңіз жемісті болсын! Сіздерге барлық жақсылықты тілеймін! – деді А. Баталов. Кездесуде Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Сакенова мен Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы аурухананың жалпы тәжірибедегі дәрігері Мария Имирова тілек білдіріп, сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде індетпен күресте жанқиярлықпен еңбек еткен азаматтарды дәрігер, медбике, санитар деп бөліп-жармай, алдыңғы шепте жүрген қызметкерлердің бәріне бірдей үстемақы төленгеніне ризашылықтарын білдірді. Сол сияқты қазір індеттің беті қайтқанымен, әлі күнге күрес шаралары жүріп жатқанын және алдағы уақытта да адам өмірі үшін бар білімі мен тәжірибелерін жұмсауға әзір екендіктерін айтты. Әріптестерін мерекемен құттықтап, әйел бақытын тіледі. Жүздесуде бірқатар маманға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты берілді. Өнерпаздардың шағын концерті кездесуге келгендерге мерекелік көңіл күй сыйлайды.

Серіктес жаңалықтары