5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың арасында 4 506 пациент стационарда, 14 376 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатқаны айтылған. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 226 адамның жағдайы ауыр;
- 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.