Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы тәрбиешісінің балаға қатал қарағаны және тәрбие жөніндегі өзіне жүктелген міндетін дұрыс орындамағаны үшін арызданған. «Қазіргі уақытта ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалған», – делінген хабарламада. Балабақша директоры мен тәрбиешісі Еңбек кодексінің 52-бабы аясында қызметтерінен босатылды. Бүгін ШҚО білім басқармасының басшылығы балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен кездесу өткізеді. «Сондай-ақ қаланың үздік психологтары балалармен жұмыс істеуге тартылатын болады. Мәселе облыс басшылығының бақылауында», –делінген ақпаратта.
Жүктелуде...