Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды
ашық дереккөзі
1060
Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті.  width= Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы, әнші, диктор Серік Әбілұлы және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Отандастар қоры» қоғамның өкілдері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты.  width= Іс-шара аясында елімізге елеулі еңбек сіңірген Болат Бопайұлына «Мәдениет саласының үздігі» атағы беріліп, арнайы төсбелгі табыс етілді. Жиының ашылу сөзінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Әділбек Алпысбай этнограф ғалымның еңбектерін атажұртқа қосқан сүбелі үлес деп бағалады. Сонымен қатар «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов мырза да қазақтың салт-дәстүріне қатысты көптеген еңбек жазып жүрген Болат Бопайұлын бүгінгі марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Болат Бопайұлы – Қытай елінінен атажұртқа көшіп келген қандасымыз. Ол – Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақ ұлттық салт-дәстүрді зерттеу академиясының академигі, этнограф ғалым. Осынау Тәуелсіздік жылдарында қазақтың этнографиялық тақырыбын терең зерттеп, 60-тан астам еңбек жазды. Атап айтқанда, «Қазақ кәдесі», «Қазақ мінезі», «Қазақ таныған гүлдер», «Қазақ аспан есебі», «Қазақ түс жоруы», «Қазақ наурызнамасы», «Салт-дәстүр сөйлейді», «Бастаудан бақиға дейін», «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары», «Ақыт ақиқаты», «Жазу шеберлігі», «Шетелдегі қазақ тұлғалары», «Сөз саралау өнері», «Әлдиден эфосқа дейін», «Қазақтың өлшем, мөлшер сөздері», «Қазақ жоқтау жырлары» атты тың туындылары халқымыздың рухани қазынасын байыта түскен ерекше еңбек.

Серіктес жаңалықтары