343
Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты
Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз.
«2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке қарсы күрес бөлімінің байланыс қызметіне Екібастұз қаласы, Астана көшесі 32Б мекен-жайында жолаушылар вагонының өртенгені туралы хабар келіп түсті», – деп хабарлады Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«Екібастұз моторлы вагон депосы» ЖШС-нің ашық аумағында теміржолда металдан жасалған жолаушылар вагонының жанатын бөлшектерінің барлығы жанып кеткен. Жалын 73 шаршы метр аумақты шарпыды», – делінген ведомство хабарламасында.
