Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10-31 наурыз аралығында жүргізіледі. Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі – 5%; Бастапқы жарна – 10% Қатысуға өтінімді: www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады. Сонымен қатар, енді үйреншікті 13 миллионның орнына несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгертілді. Қай санаттағы азаматтар қатыса алады?
- Медицина қызметкерлері;
- Білім беру қызметкерлері;
- Мәдениет қызметкерлері;
- Спорт қызметкерлері;
- Жоғары оқу орны қызметкерлері;
- Әлеуметтік сала қызметкерлері;
- БАҚ қызметкерлері;
- Құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
- Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс жасау;
- Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;
- 35 жасқа дейінгі/35 жасқа толған жастар.