641
Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Президент әкімшілігінің келісімімен өңір басшысының өкімімен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ермек Кенжеханұлы "Болашақ" халықаралық стипендиясы" бағдарламасы аясында Ұлыбританияның Рединг университетін «ауыл шаруашылығы саласындағы экономист", Кореяның Аджу университетін "экономика және бизнес магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның несиелік өнімдерді әзірлеу департаментінің менеджері болып бастаған. Әр түрлі жылдары Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің инвестициялық жобалар және қаржылық құралдар департаментінің инвестиция басқармасының басшысы болды, ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаментінің халықаралық ынтымақтастық басқармасын, Ақтөбе облысы сыртқы байланыстар және туризм басқармасын, Ақтөбе облысы ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасын басқарды.
2020 жылы Ермек Кенжеханұлы Президенттік жастар кадрлық резервіне кірді. Аталмыш лауазымға тағайындалар алдында Мәртөк ауданының әкімі болды.