Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметтегі «қамқорлығы» үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады. Ол өзінің орынбасарымен бірге 4 жыл ішінде қарамағындағы 100-ден астам қызметкерлерден ай сайын 8-ден 10 мың теңгеге дейін заңсыз сыйақы алып отырғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-тің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Жүктелуде...