Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады
ашық дереккөзі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті. «Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған ескерткіштің негізіне тас орнаттық. Ескерткіш КВИ пандемиясымен күрескен барлық медицина қызметкерлеріне көрсетілген құрмет пен алғыстың белгісі. Сондай-ақ олардың құрметіне қарағай аллеясы отырғызылды», – деп жазды Алматы әкімі Б.Сағынтаев. Ескерткіш С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің жанындағы аллеяда ашылады. Мұнда 20 қарағай көшеті отырғызылды.